Қазақстанда тұратын орыс отбасы ұлттық құндылықтарға деген ерекше құрметімен ел назарын аударды. Тұсау кесу барысында кішкентай баланың таңдауы алтын медальға түсті. Көпшілік оны “Гена ағасы” – әйгілі боксшы Геннадий Головкин сияқты мықты болады деп топшылап жатыр, деп жазады qandastar.kz
Бұл көрініс әлеуметтік желілерде кең таралып, көпшіліктің жылы лебізін тудырды.
“Кей қаракөз жастар батыс мәдениетіне еліктеп жүргенде өзге ұлт өкілдерінің қазақ дәстүрін ұлықтауы – нағыз патриотизмнің белгісі,” – дейді пікір қалдырушылар.



