Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар аурулар тізіміне өзгерістер енгізетінін хабарлады. Енді қант диабеті, балалар церебралды сал ауруы (ДЦП), ревматизм және дәнекер тіннің жүйелі аурулары (мысалы, қызыл жегі, жүйелі склеродермия, дерматомиозит, Шегрен синдромы) тізімнен шығарылды, деп жазды qandastar.kz
Жаңа тізімге мыналар енеді:
- Туберкулез
- ВИЧ инфекциясы
- Созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы
- Қатерлі ісіктер
- Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары
- Жүрек инфаркті (алғашқы 6 ай)
- Сирек кездесетін (орфандық) аурулар
- Жүйке жүйесінің тозу аурулары
- Орталық жүйке жүйесінің демиелинизирлеуші аурулары
- Эпилепсия
- Инсульт (аурудан кейінгі 1 жыл ішінде)
Қант диабетін тізімнен шығару МӘМС жүйесіне ауысумен байланысты. Енді бұл аурумен ауыратындар тек сақтандырылған жағдайда ғана дәрігерге тегін қаралып, қажетті дәрі-дәрмекті ала алады. Бұрын мұндай шектеу болмаған, яғни барлық пациенттер мемлекет есебінен толық көмек алатын.
Министрлік атап өткендей, қант диабеті бар адамдар қолдаусыз қалмайды: қазіргі таңда олардың 96%-ы сақтандырылған, сондықтан тегін медициналық қызмет пен дәрі-дәрмек алу мүмкіндігі сақталады.