Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Таяу Шығыстағы ахуал: әскери шиеленіс Ормуз бұғазын жабық аймаққа айналдырды

Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалы уақытша тоқтады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл ақпаратты Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукар мәлімдеді.

Дипломаттың айтуынша, бұғаз маңында әскери белсенділік күшейіп, теңіз жолы аса қауіпті аймаққа айналған.

Соның салдарынан кемелердің өтуі күрт азайып, қауіпсіздікке байланысты қозғалыс іс жүзінде тоқтаған.

«Қазірдің өзінде бұғаз арқылы өткен үш кеме түрлі зақым алды. Мұндай жағдайда теңізшілердің ол бағытқа баруға тәуекелі жоқ», — деді елші.

Оның сөзінше, соңғы екі тәулік ішінде Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалы мүлде жүргізілмеген. Қауіп деңгейі әлі де жоғары болып отыр.

Айта кетейік, бұл стратегиялық өткел арқылы тәулігіне шамамен 20-21 миллион баррель мұнай мен мұнай өнімдері тасымалданады. Бұл – әлемдік мұнай тұтынудың шамамен 20%-ы, ал шикі мұнай теңіз арқылы жеткізілуінің 30%-ына жуығы.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button