Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Сиыр іздеп жүрмін» деген ер адам әйелге шабуыл жасаған: күдікті ұсталды

Петропавлда саяжайдан қайтып келе жатқан әйелге шабуыл жасады деген күдікпен 62 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, оқиға күндіз қала маңындағы айналма жолдың бойында болған. Велосипедпен келе жатқан әйелдің жолын белгісіз ер адам бөгеп, кейін оны жерге құлатып, тұншықтыра бастаған.

Жәбірленуші жанұшыра көмекке шақырған сәтте жолдан өтіп бара жатқан адамның назары ауып, күдікті қолын босатқан. Осы мүмкіндікті пайдаланған әйел қашып шығып, куәгерден көмек сұраған.

Оқиғаға қатысты Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Петропавл қаласының 54 жастағы тұрғынына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға оқталу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлері облыс орталығының 62 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – дейді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.

Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button