Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Астанада бес адамдық аэротакси сынақтан өтті

Астанада электрлі тік ұшып-қонатын аэротакси алғаш рет демонстрациялық ұшу жасады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Сынақ «Қазанат» ипподромының аумағында өтіп, Қазақстанда қалалық әуе көлігін дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Ұшуды қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd. компаниясы қытайлық AutoFlight компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Сынаққа бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған AutoFlight Prosperity әуе кемесі пайдаланылды. Қауіпсіздік талаптарына байланысты бұл жолы ұшу жолаушыларсыз өтті.

Көлік министрлігінің мәліметінше, елде аэротаксиді іске қосу үшін қажетті заңнамалық және инфрақұрылымдық база кезең-кезеңімен әзірленіп жатыр.

Оның аясында eVTOL әуе кемелері, вертипорттар және ұшқышсыз әуе қозғалысын басқару жүйелерін реттейтін өзгерістер қабылдануда.

Айта кетейік, демонстрациялық ұшудан кейін AutoFlight Prosperity әуе кемесі 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін Future Games 2026 халықаралық фиджитал турнирінде көпшілікке таныстырылады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button