Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Бірі жылады, бірі ұйықтап қалды: 1-сынып оқушыларының әрекеті елді елжіретті

Бірінші қыркүйекте мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің видеолары әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Биыл да ата-аналар балаларының мектептегі алғашқы сәттерін видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Кадрларда оқушылардың жаңа ортаға деген шынайы эмоциясы анық көрінеді.

Бір бала мектепке барғысы келмей жыласа, енді бірі сабақ үстінде ұйықтап қалған. Ал кейбірінің мұғалімнің сұрағына берген күтпеген жауаптары көпшіліктің көңілін көтерген.

 

@zhanat_ss1 қыркүйек 1 сынып 🎊

♬ оригинальный звук — Жанат

@mako___mako0

♬ оригинальный звук — mako___mako0

Желі қолданушылары балалардың қылықтарына күліп қана қоймай, өздерінің мектептегі алғашқы күндерін еске алып, пікірлерімен бөлісіп жатыр.

«Бәріміз де осындай болғанбыз», «Балалық шақтың ең тәтті кезі», «Бірінші күннен-ақ шаршаған екен» деген пікірлер жазылуда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button