Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстанда дәрігерге кезекті азайту үшін ЖИ енгізу ұсынылды

Қазақстанда дәрігер қабылдауына кезекті қысқарту үшін жасанды интеллектіні қолдану ұсынылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Үкімет отырысында медициналық құжаттарды автоматтандыруға арналған Ascle стартап жобасы таныстырылды.

Жоба авторларының айтуынша, жаңа жүйе дәрігер мен пациент арасындағы әңгімені тіркеп, сөйлеуді таниды және оны құрылымдалған медициналық деректерге айналдырады. Сонымен қатар, алынған мәліметтерді алғашқы қабылдау картасы мен медициналық құжаттарға автоматты түрде енгізеді.

Стартап жетекшісі Сұлтан Жұмабаевтың сөзінше, жүйе ақпараттың мазмұнына қарай алдын ала диагноз ұсынып, емдеу мен тағайындаудың тиімді нұсқаларын көрсетеді.

Оның айтуынша, бұл технология медициналық құжаттарды толтыруға кететін уақытты 50%-ға дейін қысқартады. Соның арқасында дәрігерлер пациентпен көбірек жұмыс істеп, клиникаларда қабылдау саны артуы мүмкін.

Қазіргі таңда жоба еліміздегі 38 клиникада және төрт өңірде сынақтан өткен.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button