Жаңалықтар
Теңге 5,5 пайызға әлсіреді
Маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 471,84 теңгеге дейін, яғни 5,5 пайызға әлсіреді, деп хабарлайды qandastar.kz.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 251 млн АҚШ долларынан 183 млн АҚШ долларына дейін төмендеген. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,7 млрд АҚШ долларын құрады.
«Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін маусым айында 420 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 11%-ын және күніне 21 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл – шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді. Бұл тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді», – делінген ХАБАРЛАМАДА.
Мамандар биылғы шілде айынан бастап БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін валюта сатып алу күтілетінін айтуда. Оның көлемі 250 млн АҚШ долларынан 350 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерді құрамақ.