Жаңалықтар
Binom мектебінің оқушысы терезеден секіріп кетті
Фото: ашық дереккөз
Атырауда 12 жастағы оқушы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен, деп хабарлайды qandastar.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Атырау облыстық полиция департаменті кәмелеттік жасқа толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жасөспірім қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
«Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын мұқият тексеріп, анықтап жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», – делінген хабарламада.
12 жастағы қыз Binom мектеп-лицейінің оқушысы екені анықталды.