
Фото: Видеодан скрин
Украина президенті Владимир Зеленский соғыс аяқталған соң билікте қалмайтынын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz.
Barak Ravid жүргізген The Axios Show бағдарламасына берген сұхбатында Зеленский бейбіт өмір орнаған кезде елді басқаруды жалғастыруды ойламайтынын, ал соғыс аяқталғанда «қызметінен кетуге дайын» болатынын жеткізді. Сондай-ақ ол бітімге қол жеткізсе, парламенттен сайлау ұйымдастыруды сұрайтынын мәлімдеді. Яғни бейбіт заманда Украина демократиялық жолмен жаңа басшы сайлауы тиіс екенін атап өтті.


