АҚШ басшысы Дональд Трамп АҚШ-тың Иранға шабуылдарды қанша уақыт бойы жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
АҚШ президенті New York Times газетіне берген сұхбатында америкалық әскери күштер қажет болған жағдайда Иранға шабуылдарды төрт-бес апта бойы жалғастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Біз (шабуылдарды жалғастыруды — ред.) төрт-бес аптаға жоспарлап отырмыз. Бұл қиын болмайды», — деді Трамп АҚШ пен Израильдің қазіргі шабуыл деңгейін қанша уақыт сақтай алатыны туралы сұраққа.



