
АҚШ пен Израиль жүргізген операциядан кейін Әли Хаменеи қаза тапты деген мәліметтер аясында оның орнына ұлы Моджтаба Хаменеи сайланды деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы DW дереккөздеріне сілтеме жасап.
Ислам Республикасындағы ақпарат көздерінің мәліметінше, жаңа жоғарғы көсем ретінде Моджтаба Хаменеи кандидатурасын 88 мүшеден тұратын жоғарғы дінбасылар кеңесі мақұлдаған.
Алайда Иран билігі мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.
Сондай-ақ дереккөздер Моджтаба Хаменеи шешімі Ислам революциясының сақшылар корпусы тарапынан жасалған қысым аясында қабылданған болуы мүмкін екенін айтады.
Моджтаба Хаменеи 1969 жылы Мешхед қаласында дүниеге келген. Ол – Әли Хаменеидің екінші ұлы.
Ал Әли Хаменеи қайтыс болған жағдайда елді уақытша басқару үш тұлғаға жүктеледі. Олар – Иран президенті Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы Голяма Хосейн Мохсени-Эджеи және Конституция сақшылары кеңесінің мүшесі Аятолла Алиреза Арафи.
Қазіргі таңда аталған мәліметтерге байланысты ресми мәлімдеме жарияланған жоқ.



