Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

«Қазақтарды алып кетіп жатыр»: Қатардағы жағдай желіде қызу талқыланды (ВИДЕО)

Қатарда жүрген Ресей азаматы Қазақстанның эвакуациясын үлгі етті, деп хабарлайды qandastar.kz  порталы.

Бұл туралы блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ресейлік азамат Қатардағы жағдайға байланысты өз елінің әрекетін Қазақстанмен салыстырып, қазақстандықтардың ұйымдасқан түрде эвакуацияланып жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарына елшілік тарапынан Сауд Арабиясына виза рәсімделіп, олар автобуспен шамамен 22 сағат жол жүріп, әрі қарай тегін әуе рейсімен Алматы қаласына жеткізіледі. Сонымен қатар әр азаматтың картасына 35 доллардан аударылады.

«Қазақстандықтарды эвакуациялап жатыр, ал бізде – ештеңе. Бірақ мойымаймыз, жақсы нәтижеге сенеміз», — дейді ол.

Ол тіпті жағдайды қалжыңға айналдырды.

«Анашым, неге мен қазақ емеспін?» — деп әзілдеді ол.

Қазақстандықтар оған қолдау білдіріп жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button