Әлем жаңалықтары

Германияның ірі банктері Қазақстанды қолдамақ

Фото: ашық дереккөз

«Қазақстанның Даму Банкі» Германияның қаржы институттарымен 3 құжатқа қол қойды. Соның негізінде Deutsche Bank – 200 млн доллар, Landesbank Baden-Württemberg және KFW IPEX Bank – 100 млн еуро бөледі, – деп жазады qandastar.kz

Қаражаттар экспорттық мәмілелерге, инфрақұрылым мен өнеркәсіп жобаларын қолдауға бағытталады.

«Инвестицияларды тарту инфрақұрылым мен өнеркәсіпті қоса алғанда, экономиканың негізгі секторларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс орындарын ашады және елдің экспорттық әлеуетін нығайтады», – деп атап өтті ҚДБ басшысы Марат Елібаев.

Бұл құжаттарға Германияның Федералды канцлері Олаф Шольцтың ресми сапары аясында өткен Қазақстан-Германия бизнес-форумында қол қойылған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close