Жаңалықтар
Алматылық бірге тұрған келіншекті бензин құйып, өртеп жіберген
Фото: ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде Алматыда ер адамның үйіне мас боп келіп, өзімен бірге тұрған келіншекті бензин құйып, өртеп жібергені туралы ақпарат тарады. Оның бұл іске баруына екеуара жанжал себеп болған. Беті күйген келіншек ауруханаға жеткізілген, деп жазды qandastar.kz
Полиция ақпаратты растады.
«Денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр», – деді ведомство.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.