Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Зеленский: Соғыстың жалғасуына Мәскеудің өзі мүдделі

Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеуді келіссөздер процесін әдейі созып, әскери әрекеттерді күшейтіп отыр деп айыптады. Оның айтуынша, Ресей бейбіт келіссөздерге шынайы ниет білдірмей, керісінше, әскери қимылдарды үдете түскен, деп жазды qandastar.kz

— Ресей келіссөздерге кедергі келтірумен қатар, халықты әуе шабуылдары арқылы үрейде ұстауда. Майдан шебінде де шабуылдарын күшейтіп жатыр. Бұл соғыс жалғасып жатқан жалғыз себеп – Мәскеу оны тоқтатқысы келмейді, — деді Зеленский.

Украина басшысының мәліметінше, соңғы аптада Ресей ел аумағына 3 200-ден астам дрон, 1 300 басқарылатын әуе бомбасы және ондаған зымыран бағыттаған.

Сондай-ақ, Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді тек дипломатиялық жолмен тоқтату мүмкін емес екенін атап өтті.

— Украина террористік әрекеттерге барғандарға ешқандай жеңілдік жасамайды, олардың қылмыстары үшін марапат та, сый да болмайды. Біз осы ұстанымда қаламыз және халықаралық серіктестеріміздің қолдауына сенеміз, — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін The Washington Post басылымы Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен әңгімесінде соғысты тоқтату бойынша ұсыныс жасағанын жазған болатын. Онда Путин Донецк облысына толық бақылау орнату мақсатында Запорожье мен Херсон аймақтары бойынша келісім жасау нұсқасын ұсынғаны айтылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button