Жаңалықтар

Украинаға қарсы соғысқан қазақстандық Ресей азаматтығын алды

36 жастағы Қазақстанның тумасы Антон Сычев, Ресей Федерациясының Қарулы күштері қатарында соғысқаны үшін, Ресейдің азаматтығын алды, деп жазады, деп жазды qandastar.kz. azh.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы РФ Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) ресми өкілі Ирина Волк хабарлады.

Оның айту ынша, Сычевтің құқықтық мәртебесін рәсімдеу процесі Қорғаныс министрлігімен жасалған келісімшарттың көшірмесінің болмауына байланысты күрделене түскен. RT-дың «Не один на один» жобасына жүгінгеннен кейін қажетті құжаттар табылып, оның қолына берілген. Осыдан соң азаматтық алу рәсімі аяқталды.

Салтанатты жағдайда Антон Сычевке Ресей азаматының паспорты табысталды. Ол енді қызметін Ресей ІІМ жүйесінде жалғастырғысы келетінін айтты — тиісті әңгімелесуден өтіп, тағылымдамадан өтуге дайындалып жүр.

Сычевтің айтуынша, бұл шешімді оның отбасы көп күтті:

«Анам мұны естігенде жылап жіберді. Енді мен еркін жұмыс істеп, ардагер куәлігін және тиесілі төлемдерді рәсімдей аламын», — деді ол.

Айта кетейік, Антон Сычев Павлодар облысындағы Ақсу қаласында дүниеге келген. Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжін тәмамдаған, ферроқорытпа зауытында жұмыс істеген. Ресейге 2023 жылы қоныс аударған.

Сычевтың жеке архивінен

Ұқсас Мақалалар

Back to top button