Маңғыстау облысында сот ер адамды экс-жұбайына ай сайын 20 АЕК көлемінде алимент төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Іс кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды.
Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар 2024 жылы некеге тұрған. Олардың ортақ кәмелетке толмаған баласы бар, ал бұған дейін сот шешімімен әкесінен балаға алимент өндірілген.
Алайда әйел сотқа жүгініп, жұбайының өзіне материалдық қолдау көрсетпейтінін айтып, 2025 жылы туған баласы үш жасқа толғанға дейін өзін асырауға алимент тағайындауды сұраған. Бұл ретте олардың некесі әлі заңды түрде бұзылмаған.
Сот талапты негізді деп танып, ер адамды баласы үш жасқа толғанға дейін жұбайына ай сайын 20 АЕК мөлшерінде алимент төлеуге міндеттеді.



